Рухани жаңғыру - «Алтын қазына» көркем және сәндік - қолданбалы балалар шығармашылығы көрме байқауы кітапханада

3 қазан күні А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Алтын қазына» көркем және сәндік - қолданбалы балалар шығармашылығы көрме - байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқауды ұйыдастырушылар - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы. Байқаудың мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру. Көрме-байқауға облыстың қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары қатысты.  Аудандық, қалалық балалар шығармашылығы көрмелерінде орындаудың түрлі жанрлары, техникалары және материалдары бойынша жүлделі орындарға ие болған 11 - 17 жастағы білім алушыларының жұмыстары ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8447929