Қазақстандағы отбасы күні

ҚР Президенті Жарлығымен Отбасы күні мерекесі қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойланатын болды. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту. Биыл «Отбасы күні» мерекесі Қазақстанда 9 қыркүйек күні аталып өтілмек. Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 2018 жылға бекітілген қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың кешенді жоспарын орындау мақсатында 6 қыркүйек күні отбасы күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің отбасыларына арнап мемлекеттік органдардың тарихымен және қызметімен таныстыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
Сондай-ақ, басқарманың атқаратын қызметі мен ерекшеліктері, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысы туралы баяндап, таныстырды. Қызметкерлердің туыстары басқарма қызметі туралы толық ақпарат алды.

 

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8388201