Ядролық қарусыз – бейбітшілік әлемге: экспозициялық кітап көрмесі

28 тамыз күні Абай атындағы кітапханада Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 27 жыл толуына орай «Ядросыз әлем – жаһандық қауіпсіздік кепілі» тақырыбында экспозициялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге К. Бозтаевтың, Р. Сейсенбаевтың, В.Кобриннің, С. Стивенсон, Е.Л.Якубовскаяның қаламынан туған Семей ядролық полигоны туралы туындылары, Семей ядролық полигонының тарихы мен хронологиялық оқиғалары жайлы жазылған атақты жерлесіміз М. Сәрсекенің «Семей қасіреті» және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі», «Әлем – ядролық қарудан бас тартады», «Семипалатинский полигон» және т.б. кітаптары орналастырылды. Көрмедегі мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар мен зерттеулерге, альбомдарға, мұрағат құжаттарына пайдаланушылар аса назар аударды. Экспозициялық кітап көрмесі тамыз айының аяғына дейін ұсынылады.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8388134