«Мен азаматпын»

30 тамызда еліміз  айтулы мереке ҚР Контитуциясы күнін атап өтеді. Осы мереке қарсаңында 2018 жылғы 20 тамызда «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК еліміздің Негізгі Заңына арналған «Мен азаматпын» атты көрме ашылды.

Көрменің негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы білімді тереңдету, конституциялық міндеттер мен құқықтарын орындау және құрметтеуге негізделген саналы қарым-қатынасты және өз Отанына деген патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Көрменің басты тақырыбы тәуелсіз Қазақстанның қолданыстағы  Конституциясы туралы маңызды құжаттар мен фотосуреттердің көшірмелері арқылы ашылады.  Қабырғаларда «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті өсиетті» заң кодекстері, яғни ұлы даланың Заңдарымен сабақтастылығы және ежелгі тарихи байланыстары бар Конституциямыздың тарихына, сондай-ақ кеңес кезеңіндегі Конституция хроникалары, 1995 жылғы Конституцияны қабылдаудың 10 жылдығына арналған матриалдарға назар аударылған.  

Конституцияда белгіленген қағидаларды іске асыру үшін осы мереке бізге күш қуат және сенімділік берсін. Отанымыз-Қазақстан Республикасы нығайып, дами берсін.

Көрме қыркүйек аяның аяғына дейін жалғасады. Аталған көрмеге барлық тұрғындарға келуге болады.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8509385