«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафттық музей-қорығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.

1. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафттық музей-қорығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.

Кәсіпорынның атауы: Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафттық музей-қорығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Головков көшесі, 29, 070000, тел.: 8(7232) 264-661.

Кәсіпорынның негізгі қызметі: Халыққа адамгершілік, рухани, эстетикалық тәрбие беру болып табылады. Жылжитын тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтау, жинақтау, есепке алу және сақтау.

Конкурс өткізу уақыты: 2018 жылғы 28 тамыз.

Конкурсты өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 3-қабат, 301-кабинет.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «өнер» немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша немесе «экология» немесе «құқықтану» немесе «экономика» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңдарын және өзге нормативтік құқықтық актілерін, мәдениет пен өнердің даму бағыттары мен келешектерін анықтайтын, ұйымның шығармашылық-өндірістік, қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың актілерін, еңбек туралы заңнаманың, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбек қорғау нормалары мен ережесін, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын білуі қажет.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын 10.08.2018 ж. - 24.08.2018 ж. сағат 18.30-ға дейінгі мерзімде келесі мекенжай бойынша: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 3-қабат, 309-кабинет, немесе факс 705-929, n.smagzamova@akimvko.gov.kz электронды пошта арқылы немесе қолма-қол басқармаға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

       4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

       5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін, қызметтік тізімді;

       6) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

       7) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

     8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар және т.с.с.) бере алады.

Комиссия кандидаттардың тізімін бекіткен соң біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы және біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кандидаттармен әңгімелесу «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру және т.б.) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді. Анықтама телефондары: 8 (7232) 702-327, 702-504.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8290026