Абай оқыған кітаптар: ретро-көрме

9 тамыз күні Ұлы ақынның туғанына 173 жыл толуы қарсаңында Семей қаласының жастар ресурстық орталығының жастары үшін кітапханада  «Абай оқыған кітаптар» атты ретро-көрме ұйымдастырылды.

Абай мен кітапхананың байланысы Сібір мен Алтайға саяхат жасаған американ журналисі Дж. Кеннанның еңбектерінде кездесіп, Абайдың Милль, Бокль, Спенсер, Льюис, Дрепер сияқты ғалымдардың еңбектерімен қатар, А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, М.Салтыков-Щедрин шығармаларын оқығандығы жайында мәліметтер кездеседі.

Көрмеге қойылған Абай заманындағы және Абайдың өзі оқыған кітаптар бүгінде сирек кездесетін құнды басылымдар болып табылады. Олардың қатарында  Г.Спенсердің «Основания психологии», Ф.Рабле, М.Монтень «Мысли о воспитании и обучении», Гнедичтің аудармасындағы Гомердің «Илиадасы», А.Уоллэс «Дарвинизм»,  Л.Толстой, А.Пушкин, М. Лермонтовтың шығармалары бар. 

Шараға қатысушылар Абай заманындағы кітаптардың кітапхана қорында аса ұқыптылықпен сақталып, әлі де оқырман қауымға қолжетімді екеніне таңданыстарын білдірді.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8448004