Классиканы оқимыз: көрме-ностальгия

Кітапхана қорыңдағы кітаптар арасында классикалық шығармалар ерекше орын алады, себебі классикалық шығарма адамзаттың мәдени мұрасының бір бөлігі болып табылады.

8 тамыз күні «Диалог» әдеби клубының жас қатысушыларына отандық және шетел классик жазушыларының шығармаларын жастар арасында насихаттау мақсатында «Классиканы оқимыз» көрме-ностальгиясы ұйымдастырылды. Көрмеде отандық классиктер Абай, Шәкәрім,Әуезов шығармаларымен қатар  шетел классиктері Бальзак, Гюго, Мопассан және т.б. шығармалары ұсынылды.

Үлкен көрнекілік үшін және классикалық шығармаға қызығушылық тудыру мақсатында классик жазушылардың шығармалары бойынша түсірілген фильмдерден үзінділер көрсетілді.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8290034