Құнды мұралар: бастаулар мен салт-дәстүрлер

Солжағалық этнографиялық кешен аймағындағы конференц-зал орналасқан  киіз үйде тұрақты жұмыс істейтін  «Құнды мұралар: бастаулар мен салт-дәстүрлер» көрмесі ашылды.

Көрме  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Көрме өз кезегінде төрт бағдарламадан тұрады, оның бірі  «Рухани қазына» - туған өлкенің салт-дәстүріне, тарихына  және мәдениетіне  деген қызығушылықтың жаңғыруы. Қазақ этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Болат Елікпай экспозиция археологиядан басталатынын айтып өтті. Шынында да, витринада тұрған заттар - қазақ халқының көне мәдениетін айқындайтын Шілікті және Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының нәтижесінде  табылған бұйымдар.

Көрмедегі қазақ этнографиясы бірнеше бөлімнен тұрады.  Олар – мал шаруашылығы, аң аулау, әскери бұйымдар, киім, зергерлік бұйымдар, тоқымашылық, кестелеу, киіз және былғары өндірісі,  ағаш өңдеу, музыкалық аспаптар. Халықтың рухани мәдениетіне және жазудың пайда болуы мен дамуына ерекше мән берілген. Музей-қорық қоры жәдігерлерінің ішінде Қазақстан аймағында 1929 жылдан бастап 1940 жылдар аралығында латын әліпбиін пайдаланғандығын дәлеледейтін Абайдың шығармалар жинағы, еңбек кітапшасы және басқа да латын тілінде толтырылған құжаттар бар.

Келушілер витринада тұрған керемет жәдігерлердің ішінен қазақтың көпішекті жетіген аспабын, 1906 жылғы Құран сөздері жазылған  қымызға арналған ыдысты, бүркітшінің қолғабын көре алады.  Мұнда дөңгелек тәрізді суды көтеретін құрылғы - шығырдың заманауи макеті де бар.  Киіз үйдің ортасындағы  киіз кілем, сырмақтардың үстіне  қымызға арналған ыдыстары бар  үстел  қойылған. Болат Елікпай: «Сіз қонақжайлылықпен қарсы алатын киіз үйге кірдіңіз.  Киіз үй – әлем ғимараттарының негізі. Мұнда келген  әр адам өз елінің тарихымен таныса алады»  - дейді. 

Экспозицияның тұжырымдамасы мен безендірілуімен дизайн және халықтық сәулет бөлімі айналысты. Көрмеге арналған барлық жәдігерлерді, оларға арналған аннотация мен экскурсиялық материалдарды  қазақ этнографиясы дайындады. 

Музей-қорықтың  Баспасөз қызметі  
Сергея Суровтың  суреті

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2018
8594021