«Тарихқа толы Тарбағатай»

28 шілде 2018 жылы дәстүр бойынша «Тарихқа толы Тарбағатай» альманах-кітабының кезекті 3-ші басылымының тұсаукесер рәсімі өтті. «Таскредит» қаржы компаниясының демеушілігімен Тарбағатай ауданының Екпін ауылына кірер бетте жол үстінен салынған салтанатты қақпа мен ауыл мектебіне баратын тас жол қолдануға берілді. Сонымен қатар, Екпін ауылындағы «Ы.Кабеков» атындағы орта мектебінде Айдарбек би атындағы заманауи Тарих кабинеті мен Құлбай ақсақал атындағы Өлкетану  музейінің ашылу салтанаты өтті.

Ақсуат ауылындағы Ырғызбай Досқанаұлы атындағы орталық стадионда «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық ақындар айтысы өтті. Астана қаласының 20- жылдық мерейтойы құрметіне және Тарбағатай ауданының 90-жылдығы аясында «Асылтас» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген айтысқа еліміздің таңдаулы ақындарымен  қатар, Монғолия, Қытай және Қырғызстаннан келген жүйріктер қатысты. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен айтыстың жеңімпаздары Мейірбек Сұлтанхан 3-орын, Нұржан Өмірбаев 2-орын, Аспанбек Шұғатаев 1-орын, Серік Қуанған бас жүлде иегері атанып, «Асылтас» қоғамдық қоры тіккен жүлделердің иегері атанды. Сонымен қатар Жансая Мусина айына 200 мың теңге стипендия жеңіп алса, Нұржан Өмірбаев Дүние жүзілік қазақ күресі федерациясының вице президенті Б.Қамалханұлы ұсынған 500 мың теңге сыйлыққа ие болды.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2018
8594223