«Семей - Отаным менің»

Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналынған татар өнер мектебінің түлектерінің концерті.

2018 жылдың 27 шілдесінде Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық  музейінде Татар өнер мектебінің  түлектерінің концерті өтті. Музей сахнасы Татар өнер мектебінің көптеген түлектері үшін өз кезегінде алғашқы өнер көрсетулері үшін қоғамдық алаң болған. Бүгінгі таңда олардың көбісі қаладан ғана емес, сонымен қатар Қазақстаннан тыс атақты әртістер болып табылады. Сол себепті бұл сахнаға олар қуана шықты.

Өнер көрсеткендер: Дания Хайбуллина – Новосибирск арнайы музыкалық мектеп оқытушысы, үлкен Халықаралық байқаулардың лауреаты, Новосибирск облыстық губернаторының, Вадим Репиннің, Юрий Розум қорының, Білім және ғылым министрлігінің стипендиаты, РФ Президентінің жарлығы бойынша «Өнерлі жастарды қолдау» премиясының лауреаты. 2015 жылдың қараша айында «Новосибирск облысының болашағы» белгісімен әлеуметтік-мәдени жұмыста көрнекті өнері және жетістіктері үшін марапатталды.

Альбина Хайбуллина – Татар өнер мектебінің түлегі, Эссен Германия қ., Фолькванга өнер университеті, Халықаралық байқаулардың лауреаты.

Руслана Тураева – М.Төлебаев ат. музыкалық училищенің  және Татар өнер мектебінің оқытушысы. Халықаралық байқаулардың лауреаты, мәдениет саласында «ҚР Тұңғыш президенті- ұлт көшбасшысы» қорының премиясы лауреаты. (Астана қ.) «Қазақстан баян-фест» баян өнерінің халықаралық фестивальінің директоры.

Әмре Қашаубаев ат. филармонияның өнерпазы Камила Туканова – Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. Оның орындауында қазақ, татар және орыс тілдерінде әндер орындалды.       

Көрермендер Диаз Мусалимовтың өнерін асыға күтті. Нью Йорк университетінің профессоры, Татар өнер мектебінің түлегі, Халықаралық байқаулардың лауреаты. Д.Мусалимовтың орындауындағы «Сем-Семей, Семипалатинск мой» әніне қосылып шырқамаған жан болмады.

Танымал әртістермен бірге сахнада өз өнерлерін ең кішкентай әртістер де көрсетті - Татар өнер мектебінің оқушылары Эрик және Радмир Хайбуллиндар.   

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8447995