Кітапхананың балалар бөлімі Спорт сарайындағы халықаралық волейбол турнирында

Волейболдан әйелдер командалары арасында өткізілетін Азия чемпионаты біздің аймақ үшін маңызды іс-шаралардың бірі. А.С.Пушкин атындағы кітапхана мамандары Спорт сарайында  балалар алаңының жұмысын ұйымдастырып,  жанкүйерлерді қарсы алып, кітапхананың қызметі мен ресурстары туралы ақпараттық парақшалар таратты.

Виртуалды анықтама қызметі, құжаттардың электронды қызметі, онлайн заңгер кеңестері және мемлекеттік қызмет түрлерін онлайн пайдалануды үйрететін EGOV электрондық үкімет порталының жұмысымен таныстыратын кіртар туралы ақпараттар көпшілік қызығушылығын туғызды.

Балалар ойын алаңында интерактивті үстелде, LEGO құрастырып, дамытушы ойындармен   ойнаған уақытта  кітапханашылар ата-аналарға кітапханадағы үйірмелер мен курстар туралы ақпараттармен бөлісті.

Байланысшы: Жансая Ашкенова

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8509519