Астана  айшықтары: бейне-экскурсия

07 шілде күні Астананың 20-жылдық мерейтойына орай Абай атындағы кітапхананың  коворкинг-орталығында Семей қаласы Ішкі істер бөлімінің 2-ші полиция батальонының  қызметкерлері  «Астана айшықтары» атты бейне-экскурсияда болып қайтты. Мәдени шара барысында құқық қорғау органынын қызметкерлері Астананың көрікті жерлерінен тамаша көріністер беретін бейнефильмді тамашалады. Арнайы  ұйымдастырылған «Астана – Еуразия  кіндігі» тақырыбындағы кітап көрмесіндегі аталмыш тақырыпқа байланысты кітаптармен, фотосуреттермен, мерзімді басылымдармен  танысты.

Шара соңында ШҚО ІІО 2-ші полиция батальон командирінің кадр жөніндегі орынбасары, полиция аға лейтенаты Қадыров Батырбек Қайыпқанұлы кітапхана басшылығы мен қызметкерлеріне үлкен рухани көмек беретін құнды ақпараттар ұсынғаны үшін алғысын білдірді. Шара соңында  полиция қызметкерлеріне кітапханаға экскурсия жүргізіліп, кітапхананың тарихымен, тыныс-тіршілігімен таныстырылды.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2018
8594043