«Домбыра - дастан» атты көрменің ашылуы

2018 жылдың шілденің 1күні Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра - дастан» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен биыл бірінші рет «Ұлттық домбыра күні» мерекесі аталуда. Бұл еліміз үшін зор мақтаныш! Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі Елордамыз- Астананың 20 жылдығы және ұлттық домбыра күніне арнап «Домбыра – дастан» экспозициялық көрме ұйымдастырып отыр.

Көрмеде музей қорында сақталған өнер адамдары мен жергілікті қолөнер шеберлерінің жасаған домбыраларын көруге болады. Музей қорында 20-дан астам домбыраның түрлері сақталған. Осы аспаптар ішінде көне домбыралардан бастап тарихи тұлғалар мен белгілі қайраткерлердің

атап айтсақ, ақын Тәңірберген Әміренов, Қазақстанның халық ақыны Сапарғали Әлімбетов, ақын Ақылбек Манабаев, әнші Жәнібек Кәрменов, әнші Келденбай Өлмесековтың домбыралары қойылды.

         Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі. Қазіргі кезде домбыраның бірнеше түрлері бар. Олардың ішінде: ән мен күй домбырасы, торсық, тұмар, кең шанақты (екі нұсқасы), балдырған, балашық, шіңкілдек, аша, үш ішекті, қуыс мойын, шертер, оркестр домбыралары: қоңыр дауысты (альт), жіңішке дауысты (прима), ащы дауысты (секунда), бас домбыралар кездеседі.

Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты.

Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері,Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди,          К. Әзірбаев, Ә.Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.

Шараға музей әріптестері,зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8215755