Ұлттық домбыра күні

2018 жылдың шілденің 27 –күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі Ұлттық домбыра күніне орай, қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып «Домбыраның қоңыр үні» атты сазды сағат шарасын өткізді. Шараға музейдің «Ғылыми-әдістемелік және көпшілікпен экскурсиялық жұмыстар» бөлімінің меңгерушісі Гүлнұр Шалатайқызы қатысып, ХІХ ғ. қазақ халқының тұрмысында ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы домбыраның тарихы  және музей қорында сақталған домбыралар туралы ақпараттармен бөлісті. Шараға кітапхана әріптестері, оқырмандар, мектеп оқушылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында №56, 47, 38 мектеп оқушылары домбырада күй шертіп, термелер орындады. Кітапхана ұжымы өнер көрсеткен қатысушыларға кітаптар сыйға тарту етті.

Ағымдағы жылдың 28 шілдесі күні қалалық №2 емханасында Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі мен қалалық Достық үйімен бірлескен Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – халық даналығы» атты шара өткізілді. Аналар кеңесінің төрайымы Нағима Абдуахитқызы Ұлттық домбыра күнінің жариялануы туралы алғы сөзімен шараны ашты. Музей меңгерушісі Гүлнұр Шалатайқызы домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болғандығы туралы мәліметтерге тоқтады. Музей қорында сақталған домбыралар туралы әңгімеледі. Экран арқылы ән атасы - Әміре Қашаубаевтыжазылған жанды дауысы, әнші Қазақстанның халық әртісі Мәдениет Ешекеевтің орындауындағы Абай әндері, әнші, қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтың тікелей эфирдегі сұхбаты, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Болат Сыбановтың әндері туралы слайдтар мен бейнебаяндар көрсетілді.  Кеш барысында Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының әншісі Түктібаев Бақытжан халық әндерін орындады.

 

1 шілде күні сағат 12.00-де музей қорында сақталған өнер адамдары мен жергілікті қолөнер шеберлерінің жасаған домбыраларынан  «Домбыра - дастан» атты көрменің ашылуы және 4 шілде күні сағат 11.00-де «Қазағымның үні сенсің домбыра» атты рухани кештің болатынын хабарлады.  

Шараға музей әріптестері, қала тұрғындары, оқушылар, БАҚ өкілдері қатысады.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8215777