Абай кітапханасында Коворкинг-орталығы ашылды

14 маусым күні Абай кітапханасында «Қазақстан кітапханалары» партиялық жобасын жүзеге асыру аясында коворкинг-орталығы ашылды. Ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары  Мұхтарханов Ануарбек Мұхтарханұлы, ШҚО Семей қ. кәсіпкерлер палатасының директоры Әділжанов Ардақ Әділғазыұлы,  облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері және басқа да адамдар қатысты.

«Нұр Отан» партиясының ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Мұхтарханов Ануарбек Мұхтарханұлы: - Орталықтың ерекшелігі - жоғары жылдамдықтағы интернет, бейресми атмосфера және адамдармен бейресми қарым-қатынас жасау үшін жағдайлар. Әлем өз орнында тұрмайды, біз де техникалық жаңалықтардан артта қалмауымыз керектігін атап көрсетті.

Жамлатдинова Зульфия Фазылжанқызы, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары: - Орталықтың ашылуы, әсіресе Абай кітапханасында, қаланың қақ орталығында орналасуы аймақтың инновациялық дамуына жаңа серпін беріп, жас ұрпаққа болашақ мамандықтарын таңдау үшін көмектесуге, келешегі бар жобалар үшін пікір алмасқан адамдар тобын қалыптастыруға, инновациялық идеялар мен тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.

Арғынбекова Айнұр Серікпаевна, Семей қалалық мәслихатының депутаты, «Қайнар» колледжінің директоры:  - Маған осындай қызықты және керемет іс-шараның қатысушысы болу қуанышы бұйырып отыр. Бұл жобаны «Нұр Отан» партиясымен бірге іске асырғанымыз өте маңызды. Кітапхана -  іскерлік кездесулер, шеберлік-кластарын жүргізу үшін қажетті барлық жабдықтары бар  қазіргі заманғы орталық.

 Әділжанов Ардақ Әділғазыұлы, ШҚО Семей қ. кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры: -  қаламыздың кәсіпкерлері мен бастаушы кәсіпкерлеріне, сонымен қатар кәсміпкерлікпен айналысуды жоспарлап жүрген тұрғындар үшін перспективалық бизнес-жобаларды талқылауға арналған орын пайда болды.

Рятов Жомарт, Семей қаласындағы «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі:- Оның айтуынша, компьютерлер, көпфункционалды құрылғылар және басқа да құрылғылар заман талабына толығымен жауап береді, ал жастар орталыққа жүйелі түрде баруды жоспарлап отыр.

Амренова Гүлмира Фатихқызы, кітапхана директорының орынбасары:

  - коворкинг орталығында ыңғайлы жұмыс істеу үшін қажетті нәрсенің бәрі бар, атап айтқанда ыңғайлы диван, үстелдер, жұмыс орындары, жеке және командалық жұмыстарға арналған аудандар, тегін жоғары жылдамдықты Интернетке қатынау, Skype арқылы хабар алу, принтерлер және сканерлер. Сонымен қатар, кітапхана өз пайдаланушыларына жан-жақты ақпараттық қолдау көрсетуге дайын. Кітапхана ақпараттық және электронды ресурстардың бай қорымен жабдықталған, пайдаланушыларға кең көлемді заманауи қызметтерді көрсетеді. Бұл жерде шеберлік-кластары, дәрістер, семинарлар мен презентациялар өтеді. Жастар бос уақыттарында соңғы жаңалықтарды талқылап, пікір алмасумен қатар, дамытушы ойындарды да ойнай алады.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8109868