«Патефондар әлемі»

2018 жылдың 13 маусым күні «Музей алаңы» жыл сайынғы бағдарламасы кезінде «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК қор сақтаушылары Г.Е. Полторанина және А.А. Тарасова патефондар туралы баяндалған «Патефондар әлемі» атты лекция-экскурсия өткізді. Көрермендердің назарына музей қорларында сақталған, 12 қозғалмалы патефондар ұсынылды.

Патефондар  индустриясы ХХ ғасырдың басында пайда болған. Ол ән мен биді жақсы көретін, әрбір үйдің ашырамас бөлшегіне айналған.  Оларды мереке күндері туған туыстар мен бауырларға сыйға тартып, бірінші еңбек ақыларына сатып алатын. Бақытты өмірдің естелігі ретінде оларды майданға көптеген пластинкаларымен алып кететін.

Оны табиғатқа да алып шығатын, өйткені әуенді сүйсініп тыңдау үшін оның тұтқасын айландыру жеткілікті болатын.

Келушілер ата-апаларымыздың кезіндегі жинақтарды көріп, іске қосуды байқады, патефондар туралы тарихты және осы затпен байланысты қызықты деректерді тыңдады.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8290084