Гүлдене бер, Астана!

2018 жылдың 7 маусымы күні «ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ-ң акт залында елордамыз Астана қаласының 20 – жылдығына орай «Гүлдене бер, Астана!» атты әдеби – әуенді кеш өтті. Астана – Қазақстанның басты қаласы. Астана елорда ғана емес, рухани орда, мәдени орда. Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Астанадағы кең көлемді өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан тыс қалмады. 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады.

Мерекелік шарада зағип жанда Астана арналған өлеңдерді мәнерлер оқып, әндерді шырқады.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8447908