Балалық планетасы (сайыстық-ойын бағдарламасы)

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспрімдер кітапханасында ағымдағы жылдың 4 маусым күні «Балалық планетасы» атты сайыстық-ойын бағдарламасы ұйымдастырылды.

«Балалық планетасы», ол қандай? Мұны балалар тентек Петрушкамен және ерке Сотқармен бірге анықтады. «Қалай тұрасың?», «Бүгін мұнда барлық достар» ойындарында балалар мектепте және үйде өздерін танып білді.  Қыңыр Сотқар балаларды көңілді «Мартышкалар» сияқты еркелеуге үйретуге талпынды және «Керісінше» ойынымен шатастырды. Бірақ балалар Петрушкамен бірге достық туралы ән айтты және «Теремок» ойынының көмегімен топта қалай ойнауға үйретті. Сондай-ақ олар «dance battle» қатысып, өздерінің биге деген қабілеттерін көрсетті.

Сайыстық-ойын бағдарламасы барысында  көңілді күлкі басылған жоқ. Балалар Сотқарға «Балалық планетасындағы» нағыз достық дегеннің не екенін айтып берді.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8448037