Рухани жаңғыру: Latyn – құнды мұра: ретро-көрме

2018 жылдың 1 маусымында Абай кітапханасы Шар қаласы мен Көкпекті елді мекеніне іс сапарға шығып, аудандық әкімшілікпен, жергілікті зиялы қауым өкілдерімен және тұрғындарымен, кітапханашы мамандарымен кездесті.

Іс сапардың мақсаты «Латын  қарпіндегі басылымдар» және «Алаш» электрондық кітапханасы тақырыбымен таныстыру болды. Шара қонақтарын кітапхананың алтын қорынан жасақталған «Рухани жаңғыру: Latyn-құнды мұра» атты кең көлемді кітап көрмесі қарсы алды. Көрмеде ғылымның барлық саласынан қазақ елінің 1930-40 жылдардағы тарихи кезеңдердің  қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық тіршілігінен  ақпарат беретін  ұлт зиялыларының зерттеулері, ғылыми еңбектері көрініс табады. Әр білім саласын қамтитын әдебиеттер көпшіліктің қызығушылығын туғызды.

 Кітапхана мамандары ХХ ғасырдың 1-ші жартысында шыққан латын қарпіндегі құнды жәдігерлермен таныстырып қана қоймай, кітап авторларының  қиын-қыстау кезеңдегі тағдырларынан да құнды ақпараттар берді.

Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының semeylib.kz сайтына орналастырылған түрлі ресурстар туралы кітапхана мамандарына кеңес берілді. Алаш үкіметінің 100 жылдығына арнайы ұйымдастырылған «Алаш» электронды кітапханасымен таныстыруда алаш қайраткерлерінің мол мұралары,  қиын-қыстау кезеңдегі өмірі туралы  құнды деректер жұрт назарына ұсынылды. Сондай-ақ, 13 кітапты құрайтын латын қарпіндегі QR-кодты кітап сөресімен танысу барысында смартфон мен планшеттерге электрондық нұсқасын көшіріп алу  мүмкіндігіне ие болды. Танымдық маңызы зор мағыналы басқосуға жиналған  қатысушылар бүгінгі күннің өзекті талабы болып отырған латын қарпіндегі басылымдар жайлы өздерінің толғақты ой-пікірлерімен бөлісіп ризашылықтарын жеткізді.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8447990