«Тепе – теңдік» тренинг

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында 2018 жылдың 5 маусым күні «Алтынай» орталығының тәрбиеленушілеріне «Чаша равновесия» тренингі өткізілді. Шара жеке қасиеттер мен тұлғааралық қарым-қатынастарды түзетуге бағытталған. Тренинг барысында балалар есімдерін және мінездерінің жағымды жақтарын атады. Адамға моральдық тепе-теңдікті ұстауға көмектесетін қасиеттерді талқылады.  Қатысушылар «Нұрлы күн» атты сергіту жаттығуын жасады.  Содан кейін «Пантомима» жаттығуын орындады және «Орын ауыстыру» ойынын ойнады.
Шара психология бойынша әдебиеттер көрмесін тамашалаумен аяқталды.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8290080