Біліктілік арттырды

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының делегациясы  Қазан қаласында өткен «Науруз» V Халықаралық театр және білім беру фестиваль- форумына  қатысып, жаңа идеялармен, жол ашылған перспективалармен және мүмкіндіктермен оралды.

Қазанның түрлі алаңдарында  бес күн бойы  Россия, Татарстан, Башқұртстан, Марий Эл, Удмуртия, Чувашия, Дагестан және Қазақстаннан келген өнер иелері шеберліктерін шыңдады. Оларға жаңа технологиялар, заманауи ағымдар бойынша дәріс беруге Берлин, Москва, Санкт-Петербургтен келген өнер саңлақтары көмектесті.

Актерлық шеберлік, режиссура, театр теориясы, қуыршақ театры өнері, дәстүрлі театр және түркі халықтарының музыкалық нысандары, басқару, театрлық сын бойынша өткен шығармашылық лабораториялардан  әркім өзіне керек дүниелер түйді.

Сонымен қатар, форумға қатысушылар татар ұлттық театрының ерекшеліктерімен, дәстүрлерімен, драматургиясымен жақынырақ танысып қайтты.

Форумды  ұйымдастырған   Г.Камал атындағы Татар мемлекеттік академиялық театры қатысушылар назарына өздерінің ең үздік спектакльдерін ұсынды.

Форумға қатысқан Шығыс Қазақстан облыстық драма театрынан  қазақ труппасының көркемдік жетекшісі Сахан Акелеевке, орыс труппасының меңгерушісі Дарья Волкоедоваға,  Жастар труппасының әртісі Дулат Oкасовқа біліктілігін арттыру туралы куәліктер тапсырылды.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8109858