Қазанға тәжірибе мен білім алу үшін

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының делегациясы 28 мамырдан 1 маусымға дейін Қазан қаласында өтетін «Науруз» V Халықаралық театр және білім беру фестиваль- форумына  қатысады.

 Форум біліктілікті арттыру және түркі халықтарының театр өнері өкілдерінің кәсіби көкжиектерін кеңейту мақсатында екі жыл сайын  және әрқашан Татарстан Республикасының астанасында өткізіледі. «Наурыз» халықаралық театр кеңістігінде өз орнын тапты, бірегей этникалық бағыт қалыптастырды.

Форумның құрылтайшылары:  Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің қолдауымен Татарстан Республикасының театр қайраткерлері одағы,  Ресей Федерациясының театр қайраткерлері одағы,  Татарстан Республикасының Мәдениет министрлігі болып табылады.

Қатысушылар мен қонақтарға арналған  білім беру және мәдени бағдарламаларды ұйымдастырғандар: Л.Толстой атындағы Қазан (Приволжский) федералды университеті, Қосымша кәсіби, әлеуметтік және мәдени сала мен өнер мамандарын даярлау (оқыту) институты, сондай-ақ  Г.Камал атындағы Татар мемлекеттік Академиялық театры.

Қазанның түрлі алаңдарында  бес күн бойы  жетекші сарапшылар,  Ресей мен басқа да елдердің көрнекті театр қайраткерлері шеберлік сыныптарын береді, семинарлар,   актерлық шеберлік, режиссура, театр теориясы, қуыршақ театры өнері, дәстүрлі театр және түркі халықтарының музыкалық нысандары, басқару , театрлық сын бойынша тренингтер өтеді.

Сонымен қатар, форумға қатысушылардың Еуропа мен Азиядағы театрлардың қойылымдарын көруге мүмкіндігі болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазанға Қазақстаннан, Башқұртстаннан, Татарстаннан келген 270 адам тәжірибе, жаңа шығармашылық байланыстар мен білім алу үшін келеді.

Форумға Шығыс Қазақстан облыстық драма театрынан  қазақ труппасының көркемдік жетекшісі Сахан Акелеев, орыс труппасының меңгерушісі Дарья Волкоедова,  жастар труппасының әртісі Дулат Oкасов қатысатын болады.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8023528