Музей түнінің өткізілуі туралы ақпарат - 2018

Семей қаласындағы Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде 2018 жылдың мамыр айының 16 күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдегі түн» мерекелік іс-шарасы өткізілді. 

Бұл күні балаларға арналып «Росы» өнер студиясының жас өнерпаздарының қатысуымен болған концерттік бағдарлама өткізілді. Жас өнерпаздар тек қана Қазақстан қалаларының ғана емес, сонымен қатар жақын, алыс шетелдердің көптеген байқауларының қатысушылары, жеңімпаздары. Балаларға арналған жалға берілетін автокөліктер, балмұздақтар мен тәтті мақталар, аквагрим және басқа да ойын сауықтар болды.

Қымбат емес, түп нұсқалы әшекейлерді ұнататын жандардың назарын аудартатын қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары «Шеберлер қаласы» көрмесінде қойылды.

Өзінің ыстық кофе, шәй, әртүрлі пісірілген өнімдерін «Семь пятниц» кафесі ұсынды. Барлық келушілер естелікке ескі киімдер және тарихи фигуралармен суретке түсулеріне мүмкіндік алды.

Көрермендерді «Гүлсымбат» сән театрының және «Бизнес және сервис» колледжінің студенттерінің ұлттық киімдер мен заманауи киімдерді көрсеткен әдемі қойылымы қуантты.

Үлкен концерттік бағдарламаны М.Төлебаев атындағы музыкалық колледж студенттері дайындады. «Иртышская вольница» хорына көрермендер қошемет көрсетті. Чернышевский атындағы №1орта мектеп оқушылары өнер көрсетті.

 Музей холлында Балалар Өнер мектебінің оқушылары дайындаған «Кемпірқосақ түстері» атты көрмемен таныса алды

Көрме залында «Интересное и прекрасное вокруг нас» көрмесі ашық болды. Ол жылдар бойы жинақталған, өмірімізді сәндейтін ең қызықты және әртүрлі қызығушылықтар мен тақырыптық коллекциялардан тұратын көрме.

Музей кинозалында Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығын көрсететін фильм көрсетілімі болды. Ал жастар би кешінде көніл көтере алды.

Барлық келушілерге кеш бойы экспонаттармен танысулары үшін әдеби экспозиция жұмыс істеді.

Достоевскийдің романдарының кейіпкерлері, жазушының шығармашылығы туралы айтатын экскурсия жүргізді. Бұл театрланған композицияда Достоевский атындағы театр актерлары мен музей қызметкерлері өнер көрсетті. Экскурсия соңында қатысушылар мен көрермендер «Мы желаем счастья вам» өлеңін айтып және жазушының бақыт жайындағы сөздері айтылды.

Әдеби экспозиция  сағат 23-00 дейін жұмыс істеді.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8023533