Мәңгілік сапта!

2013 жылдан бастап 9 мамыр күні таңертеңнен Риддер тарихи-өлкетану музейіне адамдар ағыла  бастайды. «Мәңгілік сапта! Навеки в строю!» музей акциясына қатысуға ниет білдірушілер,  мұнда келуге асығуда.

Музейліктер көптеген жылдар бойы тынымсыз еңбектерімен Ұлы Отан соғысы ардагерлері естеліктерін, құжаттарын және суреттерін жинақтап,  соғыс жылдарындағы адамдармен үнемі кездесіп, әрбір майдангердің, тыл еңбеккерлерінің өмірден өтулерін қайғырып атап өтеді. Халық ерлігінің куәгерлері аз қалғандарын, олардан артық ешкім түсіне алмас. Ерліктің алғыс жібі ешқашан үзілмеуі тиіс. Сондықтан, Томск тілшісінің ойын, оның рұқсатымен пайдаланып, олар екінші жыл қатарынан өз майдангерлерінің портреттерімен азаматтар колонасын құрудың бастамшылары болып отыр. 2017 жылдан бастап музей акциясын қалалық билік қолдап, енді колона  «Мәңгі өшпес полк» Халықаралық акциясы болып өтеді.

Бұл акция өз өмірінің құнымен Жеңісті жақындатқандардың, біздің қатарымызда жоқ, бірақ олардың жарқын жүздері шерулік сапта туған қаласының көшелерінің өзгергендігін, немерелері мен шөберелерінің қалай өскендігін, олардың сарбаздық ерліктерін әрбір отбасы еске алатынын, олар сезінуі тиіс ерікті актісі болып табылады.

Музей мамандары колонаның лайықты көрінуін қадағалады. Оны Аграрлы-техникалық колледждің бозбалалары мен қыздары  «Мәңгілік сапта! Навеки в строю!» акциясының ұраны басылған керме мен жеті жерлестеріміз, яғни  Кеңес Одағы батырлары Тоқтаров, Гуляев, Ефремов, Колчин, Рощин, Безголосов, Суминнің портреттерімен ашты. Жылдан жылға колонамызға адамдар көптеп қатысуда. Демек 2013 жылы шамамен 30 адам жүретін болса, 2018 жылы аталмыш колонада 600 астам риддерліктер жүріп өткен.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8023582