Рухани жаңғыру: Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл

Ұлы Жеңіс күні – аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке. Отан үшін жан қиғандарды еске алып, олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың мәңгілік парызы болып қала бермек.

Биыл аты аңызға айналған партизан, көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі партизан тақырыбының негізін қалаушы, «Халық қаһарманы» Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл.  Осыған орай 4 мамыр күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі» атты Ерлік сабағы өткізілді

Қасым Қайсенов қазақ халқының біртуар батыры, сондай-ақ Молдавия, Румыния, Украина халқы үшін де батыр саналады. 

  Кездесуде Украинадан жас тарихшы Иван Капась онлайн байланысқа шығып,  Қазақстандық партизанның ерліктері  туралы материалдар ұсынды.

Қасым ағамыз бен жары  Асыл апамыздың  сұхбатынан қойылым қойған  ШҚ облыстық драма театрының актерлары ҚР «Мәдениет саласының үздіктері» Сайраш Қапабаева мен Ниязбеков Қанатбек Оразханұлының өнерлерін көпшілік  ду қол шапалақтады

Қасым атамызды жақсы таныған, ол кісімен етене жақын араласқан баласындай болып кеткен інісі Түсіпхан Түсіпбекұлы сөз кезегін алып, естеліктермен бөліссе, автордың жеке хатшысы – бүгінде Ә. Қастеев ат. мұражай үйінің директоры, танымал суретші Еркін Нұразхан кездесу  қатысушыларына танымал жерлесіміздің өмірінің соңғы жылдарындағы естеліктермен бөлісіп,  арнайы бейнежазба жолдады. 

Болашағынды білгін келсе-тарихына үңілген жөн. Мұрағатта сақталған құжаттар ғасыр өткен сайын, жыл өткен сайын жандана береді. Кездесуге келген  Облысымыздың мемлекеттік мұрағаттар қорының өкілі - Әділбекова Бақытгүл Қабдысалямовна Қасым ағамыз жайлы мұрағатта сақталған жәдігерлер мен естеліктер жайында айтып берді. 

Қасым Қайсенов кітаптарының кейіпкерлері қиын-қыстау сәттерде  ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен жандар. Ол туралы кітапхана қызметкерлері тақырыптық көрме, аудио және бейне жазбалар арқылы әңгімеледі.  

Қонақтар назарына  ШҚ облыстық тарихи-өлкетану мұражайына Қасым Қайсеновтің өзі тапсырған  жеке заттары көрсетілді.  Ерлік сабағына ардагерлер, студенттер, оқушылар, қаламыздағы қатысты. 

Шығыс Қазақстан ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы Қасым Қайсенов құрметіне арналған Ерлік сабағы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар кешенінің маңызды оқиғасы. Өйткені Қасым Қайсеновтың қаһармандық бейнесі және Ұлт батырының шығармалары – қазақстандықтардың ұлттық рухын көтеретін құнды тарихи мұра.   

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8023583