Соғыс оты шарпыған әндер: әдеби-музыкалық кеш    

9-мамыр Жеңіс күні! Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын-байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды.

Осынау мерейлі күнге орай 3 мамыр күні Абай кітапханасы Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Соғыс оты шарпыған әндер» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Кеш барысына арнайы Коломин Петр Михайлович, Малоров Григорий Васильевич  сынды соғыс ардагерлері  шақырылды. Кеш қонақтары бұл жиында қысқаша өмірбаяндарымен таныстырып сонымен қоса қан майдан кезіндегі азат еткен жерлерді де тілге тиек етті. Іс-шара барысында соғыс жылдарындағы  жауынгерлерге рух берген, үміт сыйлаған «Дариға сол қыз», «Кестелі орамал», «Катюша», «Кездейсоқ вальс» сынды ән шашулар айтылды. Кешке арнайы Салтанат Сыбанбаева, Ахмадиев Данияр сынды қаламыздың беделді әншілері арнайы келді. Сонымен қатар Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің әскери кафедрасының оқытушысы запастағы полковник Тұрлыбеков Қайрат Абайханұлы және запастағы майор Жарықбасов Талғат  Сауықұлының басшылығымен студенттерден құралған хор мен әскери дефиле көрсетіп өздерінің үлестерін қосты.

Бұдан бөлек аталмыш іс-шараны «Ұлы Жеңіс - болашақ ұрпаққа мұра» атты соғыс жылдарындағы шежірелі кітап көрмесі толықтырды!

Кешімізге арнайы көрермен болып «Қайнар» колледжі мен «Радиотехника және байланыс» колледжінің сдуденттері, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары келіп тамашалады.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8023580