Семей қаласындағы Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Рухани жаңғыру» және «Рухани қазына» бағдарламасы аясында, өз халқының  салт-дәстүрі мен тарихы мен мәдениетін қадірлеу және қызығушылықты арттыру мақсатында 2018 жылдың 12 сәуір күні сағат 14:00-де «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» - Махаббат күніне арналған әдеби-музыкалық кеш өткізілді.

Іс-шара мақсаты: Қазақ ырымдары мен салт-дәстүрлерін сақтау, өз туған жеріне және халқына махаббат пен сыйластықпен қарауды, жастардың өмірге талпыныстарын арттыру. Қазақстанда көп жылдар бойы 15 сәуір «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» ғашықтар күні болып атап өтіледі. Осы күні біздің ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін дәріптейтін іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» аңызы – бұл қазақ халқының екі мың жылдық тарихы бар рухани мұрасы. Халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген мұрасы махаббат пен достық, тазалық пен сезімталдық, моральдық өнегелілік туралы айтады.Бұған дәлел ретінде «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» тарихы әлі күнге дейін терең және биік махаббаттың символы болып табылады.

«Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» - XIX ғасырдың ортасында жазылған,XIII — XIV ғасырлық қазақ халқының лиро-эпостық поэмасы. Поэма ақындардың ауызша орындаулары бойынша танымал болған. Тараған жиырма нұсқасы бар.

Барлық уақытта да махаббат тақырыбы адам жанын елжіреткен. Бұл сезім адамды қанаттандырып және оны қайсар істер мен әрекеттерге шабыттандырады. Махаббат тақырыбында қандай керемет өнер туындылары өмірге келді. Екі жүректің махаббаттары жауапты болғаны және өмірлік жағдайлары қолайлы болса, отбасын құрса, өмірге сәбилер келсе керемет емес пе... Және барлығымыз әрқашан барлық ғашық жандарда осылай болуына талпынуымыз керек.

Іс-шарада тақырыптық театрланған қойылымдар қойылады. Бұл қазақ халқының өмірінен сахналау бұрыштары. Көрермендер сахналаудың көрермендері ретінде қатысып және сонымен қатар ойындарға қатыса алады.   Барлығы бұл рәсімдерді білмеулері мүмкін, сондықтан өздері үшін жаңа нәрселерді білетін болады.Ал егер сіздерге бұл салт-дәстүрлер таныс болса, онда қош келдіңіздер!!! – ойындар мен сайыстарға қатысып, іс-шараның белсенді қатысушылары болыңыздар!  Театрланған қойылымдардан кейін сіздерді  концерттік бағдарлама күтуде.

 Іс-шара Зубаир орта мектебімен бірлесіп өткізілді.

Оқушыларды орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Ерубаева Гульжан Елеухановна дайындады.

Іс-шараға қатысушылар: «Айша-Бибі»қазақ ұлттық орталығы әртістері, М.Төлебаев атындағы музыкалық колледж студенттері және «Гүлсымбат» сән театры («Гүлсымбат»сән театрының жетекшісі  - Садвокасова Асем Рыскалиевна.) және «Балалар өнер мектебінің»оқушылары қатысты.

Дәл осындай іс-шараларда жастар бұл салт ұрпақты жалғап тұрған жіп деп түсініп,ата-бабаларымыздың салтын қадірлеуге,ұлттық салт-дәстүрді сыйлап, аялауға үйретеді.

Іс –шараны ұйымдастырушылар Ф.М. Достоевский музейінің қызметкерлері  Сексембаева Салтанат және Нурмухамбетова Жулдыз.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8378480