«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Шығыс Қазақстан. Қасиетті орындарға саяхат» көрмесі ашылды.
Әр халықтың, әр өркениеттің жалпыұлттық маңызы бар және аталған халық өкілдерінің білуі тиіс қасиетті орындары бар. Қазақстанның кең байтақ территориясы мен өзіндік бай тарихын біріңғай рухани белдеуге үйлестіру қажет. Шығыс Қазақстанның қасиетті нысандарымен аталған көрме материалдары арқылы танысуға болады.
Көрменің басты мақсаты: қасиетті орындардың мәдени-тарихи белдеуі-бізді ғасырдан ғасырға жетелеп келе жатқан мақтанышымыз бен символдық қорғанымыз екенін көрсету.
«Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы басып шығарған «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» және «Қазақстанның аумақтық қасиетті нысандары» кітаптары көрменің ғылыми-әдістемелік негізі болып табылады. «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» тізіміне енген 185 нысанның 13 Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан.
Көрмеде ерекше құрметтелетін табиғи мұра ескерткіштері - аты аңызға айналған Мұзтау, қасиетті Қоңыр Әулие үңгірі, Алакөл көлі туралы мағлұматтар алуға болады. Бірегей жәдігерлер Берел қорғандары, Шілікті жазығы, табиғи-тарихи кешен Ақбауыр кешені туралы сыр шертеді.
Тарихи тұлғалармен байланысты орындар мен діни және табыну нысандарына Ырғызбай әулие мазары, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мәдени-тарихи кешені жатады. Семей қаласынан үш нысан жалпыұлттық қасиетті нысандарға жатады: Ф.М. Достаевский атындағы әдеби-мемориалдық музейі, «Алаш арыстары» музей-үйі, «Өлімнен де күшті» ядролық сынақ құрбандарына арналған ескерткіш Монументі. Қасиетті орындардың ішінде – ШҚО Жарма ауданындағы Ер Жәнібек батырдың жерленген орыны да бар.
500 аумақтық қасиетті нысандардың 25-і Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Көрмеде табиғат таңғажайыптары: Бөрітастаған жартасы, Қиын-Керіш, Ашутас, Алаулы адырлар, өзендер Зайсан, Марқакөл, Рахман қайнары. Еңлік-Кебек мазары, Бектұрған әулие мазары, Боранбай би мавзолейі және т.б. ежелден халықтың табыну орындары болып табылады.
Көрме туған жеріміздің белгісіз және таңғажайып өлкелерін ашып, тарихымызбен және белгілі тұлғалардың өмірімен таныстырып, олардың Қазақстан халқының дамуы мен рухани өміріндегі үлесі туралы баяндайды.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8215399