Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы

2018 жылдың 18 сәуірі. М. Горький көшесі, 59

Баспасөз-түйіндеме

Музей-қорықта суретші Виктор Шевченконың «Джаз ырғағында» атты көрмесі ашылады. Виктор Шевченко Өскемен құрылыс-жол институтының сәулет факультетінде оқып жүргенде-ақ кескіндеме салумен шұғылданды. Ол әртүрлі техниканы пайдаланса да, өзі айтып өткендей, оған ең жақыны акварель болды. Кейінірек ағаштан мүсін жасауға ден қоя бастаған. Суретші сондай-ақ, аэрографты шаңдату мен кең форматты мөрді пайдалану арқылы суреттер жиынтығын (фотоколлаж) жасауды меңгерді. Ол компьютерлік графикамен шұғылданады, ал соңғы кездері инсталляция жасауға талпыныс жасап жүр. 

Виктор Шевченконың «Құстардың бесік жыры», «Қарттық», «Автопортрет» және басқа да картиналары философиялық мазмұнға өте бай. Оларда өмір шындығы абстрактілі, ғарыштық дүниелермен астасып жатады. Суретшінің мейлі акварельде, мейлі мүсінде, тіпті, жиынтық суреттері мен   инсталляциясында болсын нағыз өмір мен түйсіну шектері ұласып  отырылады. Виктор Шевченконың  кескіндемелерінде сюрреализм өкілдері  -  испандық Сальвадор Дали  мен француз суретшісі Ив Танганың туындылары ерекше беделге ие. Ал соңғы кездері Шевченко Иван  Шишкин мен  Илья  Репиннің шығармашылығына пиететпен қараса,  Иван Айвазовский мен импрессионистерді ерекше ұнатып жүр.

Көрме жайдан-жай «Джаз ырғағында» деп аталмаған. Виктор Шевченконың шығармашылығындағы стильдің өзін «кескіндемелік джаз»   деп атауға болады, өйткені, онда жылдам ойлап табу мен толық еркіндік бар. «Менің кескіндеме саласындағы әуестігім, - дейді суретші,  -  ізденуге, қандай да бір шешім қабылдауға, жеңіп шығуға және тақырыпты өзгертуге бағытталған джаз әуенімен үйлесім табатындай».

Виктор Шевченко – музей-қорықтың дизайн және халықтық сәулет бөлімінің қызметкері. Биыл музей өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Ал ұжымда Виктор Шевченко сияқты шығармашыл адамдардың жұмыс істеуі музейдің бір орында қалып қоймағанын дәлелдесе керек. Жылдар бедерімен бірге музейдің қызметі де қанат жайып келеді және оның музейге келетін адамдарға көрсетер  қызықты да танымдық дүниелері жетерлік.

«Джаз ырғағында» атты көрме 18 сәуір күні сағат 16.00-де М. Горький көшесі, 59 мекенжайындағы көрме залында ашылады.

Анықтама телефоны: 26-31-59.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8513614