Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнер музейі V аймақтық «Қазақ ұлттық қол өнері мерекесі» фестивалін өткізу туралы жариялайды Музей, басты мақсаты - мәдени және рухани құндылықтарды сақтау және арттыру болған "Рухани жаңғыру" ұлттық сананы жаңғырту жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде, осымен бесінші рет қазірдің өзінде сұранысқа ие және жылда күтілетін оқиғаға айналған қазақ ұлттық қолөнерінің мерекесі фестивалін өткізеді. Бұл іс-шараның өзегі, дәстүр бойынша, Семей өңірінің қолөнершілері мен зергерлерлерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесін өткізу. Фестиваль миссиясы - қазақ халық сәндік-қолданбалы өнерінің ұлттық қолөнер дәстүрлі нысандарын сақтау және дамыту, сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрлерді қайта ойластыру, халықтық өнер рухы мен колоритын сақтайтын авторлық бұйымдардың заманға сай жаңа шешімдерін іздеу. «Қазақ ұлттық қол өнері мерекесі. Қазіргі заман және дәстүр» V аймақтық фестивалі Ережесі Ұйымдастырушылар: ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы; Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнер музейі. Өткізу орны: Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнер музейі, Семей қаласы, Пушкин көшесі, 108 Өткізу уақыты: шамамен – сәуірдің алғашқы күндері (анықталуда) Көрме-конкурсқа қатысуға кәсіби суретші-дизайнерлер, кәсіби және сәндік-қолданбалы өнерінің ерікті шеберлері, зергерлер, көркем өнер жоғары оқу орындары студенттері шақырылады. Жұмыстарды қабылдау ережесі мен мерзімі: Көрме-конкурсқа жасалынған материалында, техникасында, ұлттық өрнектерде қазақ халық сәндік-қолданбалы өнер ерекшеліктері белгіленетін жұмыстар қойылады (былғары, киіз, металл бұйымдары, оның ішінде зергерлік әшекейлер, ағаш бұйымдары, ағаш ою, ши, ұлттық тақырыптағы кәдесыйлықтар, түскиіздер, текеметтер, алаша, басқұр және тағы басқа кілем бұйымдары, қазақ ұлттық кестелеу және т.б.). Өтінім үлгісі:
Байланыс телефондары: Әлия Әбылханқызы abilxankyzy@mail.ru; ұялы: 8 702 416 2857 Буркитова Гульнар. ұялы: 8 707 503 47 69 Анықтама мына телефон бойынша: 8 7222-522019 ![]() |