Қош келдің, әз-Наурыз!

Көктемнің ең басты мерекесі қарсаңында музей-қорықта сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты көрмесі ашылады.

Оған облыс орталығының, Семей, Зырян қалалары мен Катонқарағай, Ұлан және Глубокое аудандарының, сондай-ақ, Жаңа Баженов селосы мен Шүлбі кентінің шеберлері өздерінің сан түрлі техникада жасалған жұмыстарын қоймақ. Олар атап айтқанда, ұлттық нақыштағы киіз және тоқылған кәдесыйлар, кілемшелер мен паннолар, интерьерлік қуыршақтар мен ойыншықтар, тігілген және тоқылған кәдесыйлар, былғарыдан жасалған аксессуарлар мен әшекейлер, тасқа орнатылған алқалар мен салпыншақтар, ағашқа ойылған және жазылған кәдесыйлар, қайың қабығынан тоқылған торсебеттер мен құтылар, шпон мен шиыршықталған қағаз шыбықтан жасалған әдемі бұйымдар мен басқа да көптеген дүниелер.

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығы көктем мерекесі күндері музейге келушілерді қуанышқа бөлейді. Көрмеден ұнаған  кәдесыйларды алуға болады.

«Қош келдің, әз-Наурыз!» көрмесі 16 наурыз күні сағат 15.00-де Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында ашылады.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген  Сергей Суров

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2018
8594268