Жаңа күнді жақсылықпен баста!

Көктемнің алғашқы күні А.С.Пушин атындағы кітапханада амандасу мен алғыс сөздер айтудан басталды. Кітапхана мамандары алғашқы оқырмандарын «Алғыс күні - бірлік мерекесі» кітап көрмесінің қасында қарсы болды. Оқырмандарымыз викториналық сұрақтарға жауап беріп, ашық микрофонда өздерінің алғыс сөздерін айтып сыйлыққа ие болды. Олар достық үшін рахмет! барлық қазақстандықтарға тыныштық пен бірлік үшін рахмет! махаббат пен қуаныш тілейміз! деген сияқты ізгі тілектер мен алғыстар арнайы стендте жазып қалдырды.

Алғыс айту күні - қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін және Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні.

Кітап көрмесінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы мен қызметі, Қазақстандағы халықтардың депортациясы тарихы, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тарихы, сондай-ақ, мейірімділік, қайырымдылық сияқты адами қасиеттер туралы ақпараттар ұсынылған.

Мерекеге орай, кітапханада облыстық драма театрдың жастар труппасы жастармен кездесті. Естеріңізге салсақ, жастар театры жас ұрпақты актерлық ізгі өнерге баулу мақсатында 2015 жылдың шілде айында Шығыс Қазақстан облыстық драма театры жанынан құрылған болатын.

Театр актерлері құрамы жағынан Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық университетін, Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын 2015 жылы тамамдап, өнер жолына енді қадам басқан еліміздің әр өңірінен келген өрімдей жас таланттар.Ең алдымен театр ұжымы қонақтармен өздерін таныстырып, осы үш жыл ішінде жеткен жетістіктерімен таныстырып өтті.

Жас әртістер мен қонақтар шабыт, шығармашылық, театр әлемі туралы пікір алысып, ой бөлісті. Көрермен сұранысы бойынша әртістер өмірде күнделікті кездесетін жайттардан шағын қойылымдар қойды. Кездесу соңынан жатар театры қонақтарды 2 наурыз күні өтетін «Аршын мал алан» мюзикліне шақырды.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2018
8594236