Ақпарат-парақ Астанаға 20 жыл

21 ақпанда сағ. 15.00-де А.С.Пушкин атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық кітапханасының мәжіліс залында Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты кездесу өткізіледі.

Астана қаласының киелі қасиеті, өзіндік ерекшеліктері және 20 санының нышаны – мерекелік танымдық бағдарламаның мәні мен мағынасы. Кездесу қонақтары астананың құрылу кезеңдерін еске алып, пікір бөліседі. Соның ішінде: Астананың 20 көрікті орны, әлемдік деңгейдегі Астана тарихының 20 оқиғасы, белгілі адамдардың Астана туралы 20 цитатасын оқу, 20 қызықты дерек білу ...    

Кездесу реңін суретті кітап көрмесі ашады, онда Ақмола – Целиногорад – Ақмола – Астана тарихының маңызды оқиғалары мен Астананың бас сәулетшісі, көреген басшы Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары зейінмен оқуға ұсынылады. Түрлі-түсті фотоальбомдарда бейнеленген Астананың сән‑салтанатты келбеті фотосуреттер галереясында жалғасын тауып, тартымдығымен әсер етеді. Сондай‑ақ, көрмеге келушілер мерекелік арт-стена аясында естелік фотосуретке түсе алады.     

Қазіргі Астана – «Рухани жаңғырудың» негізгі бағыттарын іске асырудың жарқын мысалы: жаңашылдыққа ұмтылыс, жаңа құндылықтар қалыптастыру, өркенді келешек үшін инновациялық идеялар енгізу. Астана шаһары – біздің рухымыз, мақтанышымыз және күш-қуатымыз! Біз баршаңызды алдағы астана мерейтойымен құттықтаймыз және мерекелік іс-шараға шақырамыз.

Анықтама тел: 261-333 (ішкі. 119)

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8023672