«Тәуелсіздік дәуірі»: мемлекет басшысы  Н.Ә.Назарбаев кітабының презентациясы

15 ақпан 15.00-де А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының презентациясы өткізіледі. Іс-шараға Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, педагогтар, кітапханашылар, студенттер және Өскемен қаласының тұрғындары қатысады.

 «Тәуелсіз Қазақстан тарихының басты тағылымы мынада: кез келген тығырықтан жол тауып, кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдырып, ең асқақ арманға қол жеткізу әркімнің өз қолында.  Жеңіс пен жетістік – жасқанбай алға ұмтылғанның еншісінде»,– Елбасының жаңа кітабының осындай жолдары бүкіл кітаптың мазмұнын ашып тұр.

Кітап тарихи публицистика жанрында жазылған және егемен Қазақстанның 26-жылдық тарихын баяндайды.  Елбасы кітабында  үш рухани жаңғыруымыздың мақсаты, негізгі ұстанымдары мен табыстары  сараланған. Кітапты оқи отырып, оқырман мемлекет басшысы қабылдаған шешімдердің  қаншалықты дұрыс және ұтымды болғаны, Қазақ елінің ертеңгі өркендеу бағдарының мән-мағынасын түсінеді.

Жаңа кітап еліміздің маңызды оқиғаларын баяндап, тәуелсіздіктің 26 жылында қол жеткізген жетістіктерді нақтылы көрсеткен. Сонысымен оқырманға күш-жігер береді. Біздің ойымызша, ортақ мақсат және сауатты даму стратегиясы, әр қазақстандықтың өзін-өзі тұрақты жетілдіруі арқылы біздің еліміз қуатты қоғамда әлеуетті адамдар өмір сүретін  өркенді мемлекетке айналады.      

Байланысшы: Рахимбаева Б.С., 261333

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
7735669