"Рухани жаңғыру": мемлекетік қызметкерлер кітапханада

Аймақтық мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін көтеру орталығы 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ШҚО бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының филиалы болып қайта құрылды.

Академия филиалында қала және облыс аудандарының бөлім басшылары болып тағайындалған мемлекеттік қызметкерлер үш апталық оқудан өтуде. Олар бүгін яғни, 9 ақпанда кітапхана ресурстарымен танысуға келді.  Кітапханашылар қонақтарды кітапханамен толық таныстырып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сай ұйымдастырылған кітап көрмесін ұсынды.

Қонақтар кітапханадағы үйірмелер мен клуб жұмыстарына қызығушылық білдіріп, роботтарды компьютер арқылы бағдарламалап көріп, мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға жасалған жағдайларды талқылап, соңында біздің IT-отауда фотосуретке түсті.

ШҚО бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының филиалының қызметкері Жүнісбеков Мирас Бақытбекұлы:

- Біз кітапханамен әріптестігімізді одан ары да жалғастырамыз себебі, мұнда қашанда сапалы әрі нақты мәліметтер мен электрондық ресурстарға қол жеткізуге болады. Бұл алған білімдеріміз мемлекеттік қызметті атқаруда өз пайдасын тигізуде.

Күршім ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Искаков Ришат Даулетханұлы:

- Менің кітапханаға келуім бірінші рет болмаса да, әр келген сайын жаңа біліммен сусындаймын. Бұл жер жаңа технологиялар патшалығы сияқты. Мұнда жобалау мен роботтарды құрастыру үйірмелері мен түрлі тілдер курстары ұйымдастырылған. Және осында жаңа латын әліпбиін оқып-үйренуге де ат салысып жатыр екен. Мұндағы кітапханашылар дайынды пайдаланып қана қоймай, оқырмандар және кітапхана пайдаланушылармен бірге жаңа белестерді өздері бағындыруда. Кітапхана заманауи, бұл жерде көзбен көріп, қолмен ұстап үйреніп, өз жұмыс орнымызда қолданар тәжірибелер көп.

Оқырмандарға арналған ақпарат: кітапханаға саяхат топпен және жекелеген оқырмандарға да жүргізіледі. Тапсырысты алдын-ала беруге болады. Біздің кітапханамызда бос уақыттарыңызды қызықты өткізіп, шығармашылық және білім әлеміне сапар шеге аласыздар. 

Байланысшы: Құдайбергенова Нұргүл 26-13-33, ішкі119

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8290071