«Тәуелсіздік дәуірі»

 «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады!» деген Елбасының сөзінен бастау алған жаңа кітаптың тұсаукесері Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында болып өтті.

«Тәуелсіздік дәуірі дегеніміз – ұлттың бұрын өтуі мүмкін еместей көрінетін шыңыраудың шетіндегі таудың қатерлі соқпағымен жүргенмен бірдей құбылыс. Алайда біз оны да бағындыра алдық». Осы ойды оқырмандарымызға жеткізе отырып, халқымыздың өткен тарихы мен ертеңгі болашағы арасындағы алтын көпір болатын кітаптың маңызы мен мазмұны ашылды.

Мемлекетіміздің өркендеуіне қатысты нақты шешімдер қабылдаған жылдардағы келелі істер жайлы ақпараттар берген кітаптың маңыздылығы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы онжылдықтардағы даңқты тарихын білуге және түсінуге, елімізді мақтан етіп, ел болашағын жасайтын жасампаздар қатарына қосылуға көмектесетініне сеніміміз мол.   

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8290070