2018 жылғы  8 ақпанда  Катон-Қарағай  ауданының аудандық  кітапханасында «Туған жерім – тұғырым, өскен елім  - тірегім»  -  «Мой народ – моя опора, пъедестал – родная земля» атты Катонқарағай ауданының 90 жылдығына арналған іс-шара  өткізілді. Шараға еңбек және тыл ардагерлері, мұғалімдер мен аудан орталығындағы мектептердің оқушылары, аудандық кітапхана, және  Катонқарағай ауданы архивінің  қызметкерлері қатысты . Мекеме қызметкерлері, Дюсембинова З. Н және Мурзашева Н. аудан тарихымен таныстыра келе, шараға  қатысушылар  назарына 1900-1905 жыл шіркеу метрикалық  кітаптарын , аудан  ұйымдарының  ең алғашқы   1920-жылдарда  қалыптасқан   архивтік қорлары   ұсынылып, қатысыушылардың қызығушылығын  танытты .  Сонымен қатар архив директоры Оженов Б. Ф., қатысушыларды ерте тарихы және ауданда кеңес өкіметі құрылған кезеңімен таныстырып, оқушылардың,  2001 жылы ШҚО әкімдігі қолдауымен  шығарылған   «қайғы  кітабы (атылғандардың тізімдері)»  атты   қітабымен таныстырды. Қуғын-сүргін  құрбандарының  есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Балғын ауылына   мемориал  немесе обелиск орнатуды  ұсынды,  Өйткені  қуғын-сүргінге ұшырағандардың  көпшілігі   сол ауылдың  тау шатқалдарында атылған . Және басқа да қызықты  баяндамалар болды.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
7735662