«Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді»

2018 жылғы 8 ақпанда «Риддер тарихи-өлкетану музей» КМҚК мамандары «Мәңгілік ел» тәрбие беру және оқыту орталығымен бірлесіп Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесерін әзірледі және аталған кітапты «Д. Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ 8-ші және 10-шы сынып оқушыларына ұсынды.

Тұсаукесер барысында жаңа, тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының  құрылуындағы барлық кезеңдерін бейнелейтін, кітаптың бүкіл бөлімдері туралы қысқаша әрі нақты айтылған, құжаттардың бейне және фотосуреттері арқылы, қазіргі Қазақстан тарихының энциклопедиясы болып табылатын кітаптың тұжырымдамалық құрылымы көрсетілді.

Оқырмандар үшін ерекше құндылық бұл- кітаптың әрбір парақтарында автор көзқарасының қатысуы:  Н.Ә.Назарбаев өткен жолына талдау ғана жасаған жоқ, ол  жүрек төріндегі толғаныстарынан шыққан бұл кітапты бәріміздің қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасының негізін қалаған Тұңғыш Президентіміз миллиондаған отандастарымыздың тағдарларының жауапкершілігін өз мойынына алып, халықпен бірге барлық тарихи кезеңдерді басынан кешірген адам, яғни жас ұлтымыздың Көшбасшысы болған

Сондықтан лекторлар әрбір жас риддерліктер үшін жақын әрі түсінікті болып келетін қала өмірінен үлгілерді алып, қысқаша әрі нақты ойларын толығымен көрсете алды. Өйткені дәл осы жастарға «Қазақстан 2050» бағдарламасын іске асырулары тиіс. Қазақстанның жетістіктерін сақтап және көбейту үшін, болашақта алға ұмтылу үшін, оларға әлдеқашан құрылғандарды өз көздерімен көріп, түсініп баға берулері қажет, сол себепті Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді»

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8023597