Жаңа көркемдік жетекші

Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театрына жаңа көркемдік жетекшіні таныстырды. Бұл лауазымға ГИТИС түлегі, актер, режиссер, артистік фехтованиядан әлем чемпионы, каскадер Роман Степенский тағайындалды.

Ұжымға жаңа көркемдік жетекшіні таныстырудың қажеті жоқ. Себебі Р. Степенский Шығыс Қазақстанның Мельпомена храмында бірінші жыл еңбек етіп жатқан жоқ және ағымдағы репертуардағы спектакльдерде актер және қоюшы-режиссер ретінде белсенді қатысады.

Жаңа қызметке тағайындалған Роман Степенскийді алғашқылардың бірі болып орыс труппасының бұрынғы көркемдік жетекшісі Сергей Астраханцев құттықтады. Оның сөзі бойынша, бұл қызметке Роман әбден лайық.

- Ол біздің театрға Өскемендегі өнер колледжін тәмамдай салып келді. Біздің ішкі «асханамызды» бүге-шүгесіне дейін біледі. Бұдан бөлек, Мәскеуде оқып, жұмыс істегеннен кейін кәсіби тәжірибе жинап қайтты. Ең бастысы, оның жұмыс істеуге деген құлшынысы бар, - деп атап өтті С. Астраханцев.

ГИТИС-ті тәмамдағаннан кейін, Ресей Академиялық Жастар Театрында актер қызметін атқарып, кино және телевидение саласындағы көптеген жобаларға қатысып жүрген Роман Степенский 2015 жылы кәсіби өсуіне себепкер болған Өскемен қаласына қайтып оралды. Және орыс труппасының алғашқы премьераларынан-ақ кәсііби Шебердің қолтаңбасы сезілді. У. Шекспирдің «Сон в летнюю ночь» спектаклінде сахна сайысын қойған ол, бір жарым жылдан кейін «Лейтенант Володька» әскери драмасын сахналады. Бұдан бөлек, ол аталмыш спектакльдің инсценировка авторы да атанды. Көрермендердің сұранысына ие болуына қарағанда Роман Степенскийдің екінші қойылымы «Тот самый Мюнхгаузен» де сәтті шыққандай. Аталмыш спектакльмен орыс драма театры өзінің 82-ші театр маусымын ашқан болатын. Сол себепті Романның орыс труппасының көркемдік жетекісі болып тағайындалуы орынды.

Р. Степенский өзіне сенім артқандарына алғыс білдірді. Ұжымға «Бастысы – отырып қалмай, тынбай жұмыс істеу керек» деп тілегін білдірді.

Онымен қоса, бұрынғы көркемдік жетекші Сергей Астраханцев Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театрында көрермендерін әдеттегідей актерлік және режиссерлік жұмыстарымен қуантатын болады.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
7944792