Шығармашыл жастарды қолдау

Музей-қорықта өскемендік мектеп оқушысы Камила Хазиеваға «Ядролық қарусыз әлем қандай болуы мүмкін» атты шығармашылық конкурсқа қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  –  Елбасы қорының грамотасын тапсыру рәсімі болып өтті. Грамотаны музей-қорықтың ғылыми қызметкері – ҚР-ның Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты Гүлжан Кашаку тапсырды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Елбасы қоры – 2000 жылы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған ірі коммерциялық емес қор. Қор жұмысы дарынды жастарға қолдау көрсету, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамалардың дамуына жол ашу. Өскемен қаласындағы №34 мектептің 11 сыныбында оқитын Камила Хазиева «Ядролық қарусыз әлем қандай болуы мүмкін» атты конкурсқа өзінің акварельмен салған жұмыстарын жіберген болатын. Ал ол конкурс болса Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған еді.

Бұдан бір жыл бұрын, 2016 жылдың қорытындысы бойынша музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазбалар бөлімінің ғылыми қызметкері Гүлжан Кашаку «Музей ісі» аталымы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы қоры сыйлығының лауреаты атанған-ды. Оның «Музей-қорықтағы Шығыс Қазақстан облысы қазақ   жазушыларының шығармашылық мұраларын зерттеп, тарату» атты жобасы  конкурстық комиссия мүшелері тарапынан үздіктер қатарында аталған болатын. Бұл жолы қор Гүлжан Кашакуге өскемендік оқушыға қордың грамотасы мен бағалы сыйлығын табыстауды аманаттаған екен.

Сирек кітаптар және иконажазбалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Осерчева Камила Хазиеваны салтанатты жағдайда құттықтады. Оқушының анасы Альфия Хазиева музей-қорық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жер-жердегі дарынды жастарға үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қызметін ерекше атап өтті.

          

Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Алексей Мазницын

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8215383