Әтештің жаңажылдық оқиғалары

Жаңа Жыл – бұл балалар мен ересектерге арналған ең сүйікті мезгіл... Бірақ қандай Жаңа жыл ғажайыптар, сыйлықтар мен сиқыршыларсыз, олар балаларға арналған жаңа жылдық ойын-сауық бағдарламасын шоуға айналдыра алады.   

Невзоровтар музейінде қонақтарға және жас бүлдіршіндерге кереметтерге толы, көңілді кейіпкерлер мен бақытты соңымен «Әтештің жаңажылдық оқиғалары» атты  қызықты сиқырлы ертегі дайындалды.    

Жаңа жылдық қойылым әдемі және көңілді өтті. Балалар Әтеш жасырған жұмбақтардың жауабын және Аяз Атаны табуға, Мыстан кемпір мен Кикимораның сиқырларынан арылуға көмектесті.  Ал Әтештің сапарында оған Қоян, Ит және Ақшақар Қыздың өзі көмектесті.

Осы мерекенің жарқын сәті – шыршаның салтанатты жағылуы болды, оған барлық балалар үлкен ықыласпен қатысты.

Соңында балаларды безендірілген шыршаның қасында Аяз Ата қарсы алды, ол дәстүр бойынша жаңа жылдық тақпақтар тыңдап, содан кейін бүлдіршіндерге өзінің  сиқырлы сандығы мен қабынан тәттілерді сыйға тартты.   

Балалар көңілді және өте қызықты бағдарламадан үлкен әсер алды. Қонақтар мен қатысушылар мерекенің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және шыршаның "үйлік" екенін атап өтті.  

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8215382