Тұңғыш Президент күні қарсаңында Невзоровтар музейінде  «Дәуір. Кітап. Лебедев» атты музей қорынан көркем кескіндеме  және графика көрмесі ашылды 

Тарихта тұрған кезенің ашық та, айқын өз тұлғасының таланттылығымен көрсете алған адамдар жиі кездесе бермейді. Олардың бірі Владимир Васильевич Лебедев.  Орыс кеңес заманының көркем кескіндемешісі, график суретшісі, плакат салу, кітап және журналдарды безендіру өнерінің һас шебері. Ленинградтық кітап графикасы мектебінің негізін қалаушысы, бір кездері өзі туралы былай деп айтқан адам: «Менің шығармашылығымды түсіну үшін менің жиырмасыншы ғасырдың суретшісі екендігімді білу және есте сақтау қажет… Мені сол заманның рухани атмосферасы қалыптастырған. Менің барлық идеяларым мен ойларым сол кезеңге  тамыр жайып жатыр…».  Шын мәнінде, 1920-шы және 1930-шы жылдардың басы аса күрделі және қайшылыққа толы жылдар еді, суретші үшін ерекше шығармашылық  белсенділіктің, үздіксіз ізденістер мен жаңашыл шешімдердің уақыты болды, осы кезеңде қайталанбас «лебедевтің» стилі  қалыптасады.

Музей қорында шебердің 157 туындысы сақталуда, олардың 108-і алғаш рет көпшілік қауымға ұсынылуда. Бұл суретшінің замандастарының тамаша көркем және графикалық портреттері,  адамдар мен жануарлардың натурлық суреттері, натюрморттар. Автордың тамаша нәзік пысықталған "ню" ерекше назарға лайық. Алайда көрменің көп экспонаттарын Лебедевтің иллюстрациялары  құрайды, олар атақты кеңес заманының ақыны,  балалар кітаптарының танымал авторы, суретшінің көпжылдық біріккен авторы Самуил Яковлевич Маршактың өлеңдеріне салынған. Олар «Ақымақ тышқан туралы ертегі», «Ойыншықтар мен аңдар», «Ленинград балаларына», «Түрлі-түсті кітап», «Балаларға» («Ертегілер, өлеңдер, жұмбақтар» жинағы) кітаптарына, «Балалар күнтізбегі» және басқа да басылымдарға салынған иллюстрациялар.

Жас көрермендер назарын Маршактың «Багаж» кітабына салынған иллюстрациялар  топтамасы тартуы мүмкін. Өлең 1926 жылы жазылып  және «Радуга» баспасында бірінші рет жарияланған. Экспозицияда сондай-ақ, Маршақтың  нәсілшілдікті мысқылдаған сықақ «Мистер Твистер» атты  поэмасы үшін салынған Лебедевтің иллюстрациялары  ұсынылған. Бұл кітап алғашқы рет 1933 жылы жарияланды, соңынан бірнеше рет қайта басылып шықты (1935, 1937, 1939, 1948, 1951, 1962 ж.), көркемдік безендірілуі өзгеріп отырды.                                                                                                                                     Барлық туындылар музеймен 1990 жылдары суретшінің жесірі Ада Сергеевна Лазо-Грабенкодан сатылып алынды. Онымен Лебедевпен безендірілген «Багаж» басылымының  1926 және 1934 жылдарғы бірінші түпнұсқалары сыйға тарту етілді.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2017
7515135