Тұнғыш Президент күні

30 қараша 2017 жылы сағат 15.00 де «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық драма театрында Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Ұлт көшбасшысы» атты  мерекелік концерті өтті.

Концерт басталмас бұрын фойеде «Ертіс концерт» мекемесінің камералық оркестрінің классикалық әуезді әні ойналып тұрды.

А.С Пушкин атындағы облыстық кітапханасы «Ұлт көшбасшысы» атты фото көрме мен «Мудрость лидера» тақырыбымен кітап көрмесін орналастырды.

Концерттің ресми бөлігінде  «Байжігіт» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрімен облыс әкімінің симфониялық оркестрі «Шабыт»  күйін орындады.

Концертті мемлекеттік премияның иегері, Абай атындағы опера және балет театрінің солисті Талғат Кузембаев  және 40 адамнан құрылған хор мен оркестр Қазақстан Республикасының гимні  орындады. Гимн орындалған соң Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметұлы барша халықты «Тұңғыш президент» күні мерекесімен құттықтады. Концертте Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген  мәдениет қайраткері Толқын Забирова «Цвети земля моя» және Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен жұрт көңілін бір көтеріп тастады. Концерт ары қарай Призидент сүйіп тыңдайтың әндердің папурриімен би қойылымдарымен және де Шығыс Қазақстанның танымал әншілерінің орындауындағы тамаша әндерімен өз жалғасын тапты. Мереке соңында барлық әншілердің орындауында «Мақтанышым - Елбасы» әнімен концерт шымылдығын жапты.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2017
7515114