2017 жылдың 29 қарашасында Ф.М.Достоевскийдің...

2017 жылдың 29 қарашасында Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде, Тұңғыш Президент Күні аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

«Электротехникалық колледжі» студенттеріне және №22, №32 мектеп оқушыларына «Біздің Елбасы», «Жеке тұлғаның қалыптасуы» тақырыптарында ақысыз дәрістер өткізілді; № 31 мектеп оқушыларына Н.Ә. Назарбаев- «Біздің Президент» атты викторина өткізілді; «Балалық шағымның аспаны» және «Президент Life» фильмдері көрсетілді.

Іс-шара мақсаты: Жастардың отанға деген махаббатын ояту, Ел басына деген құрметке тәрбиелеу  және  әдебиет пен тарихқа деген қызығушылықты дамыту үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2017
7515112