Р Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында – 29 қарашада А.С.Пушкин...

Р Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында – 29 қарашада А.С.Пушкин атындағы кітапханада өткен "Говарить как Назарбаев" кітабының тұсаукесеріне  кітаптың қадірін білетін, сөз бен шешендік өнерді бағалай алатын оқырмандарымыз жиналды. Жаңа басылымның авторы филология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті Л.И.Абдуллина.

Елбасының шешендік өнерінің құпиясы жайлы кітаптың презентациясын Л.И.Абдуллина шәкірттерімен жүргізді.

Л.И.Абдуллинаның ғылыми зерттеулерінің нәтижесі Ресей, Украина, Белорусия, АҚШ, Германия, Польша, Италия басылымдарында жарық көрді. 
Қазіргі күні шешендік шеберлік кәсіби қызметтің барлық саласына қажет. Көпшілік алдында шебер сөйлеудің жоғары деңгейі – карьерлік өсу сатысының кепілі. Бұл ретте, автордың ойынша, біздің Президентіміздің сөз сөйлеу шешендігі ерекше. Саяси көшбасшының сөз өрнегін талдау саяси коммуникация саласы және кәсіби сұхбаттасу жағдайларында табысты формула құру механизмдерін айқындауға көмек береді. Н.Ә.Назарбаев сөзінің тереңдігі мен кеңдігі, жеделдігі мен сыншылдығы жете қарағанда сирек құбылыс емес, керісінше, шешендік әдіс-тәсілдерінің ашықтығы әркімнің оны меңгеруіне және Президентше сөз сөйлеуіне мүмкіндік береді.

Кітап материалдары сұхбаттасу кезінде, әсіресе кәсіби салада, қолданылатын ұғымдар мен коммуникациялық теория түсініктері, сөз мәдениеті, іскерлік риторика негіздері бойынша әзірленген. Жаңа кітап бұрыннан бар әртүрлі арнайы әдебиеттерден өзгеше, ол Н.Ә.Назарбаев сөздерінің мәтіндеріндегі нақтылы коммуникативтік формулалар мен шешендік шеберлік әдістеріне негізделген.  Кітапты біздің кітапхананың оқырман залынан алып, оқи аласыздар! 

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2017
7515119