2017 жылдың 22 қарашасы күні сағат 16. 00-де Металлургтер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер Рамазан Елібаевтің 70-ке толуына арналған «Әнім саған туған ел» атты мерейтойлық концерті өтеді

Елібаев Рамазан Қабдолдаұлы, 1947 жылы 4-ші тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. Мәдениет министрлігінің шешімімен әйгілі «Гүлдер» ансамблінде қызмет атқарған.

Рамазан Қабдолдаұлы «Тұмарым», «Жаным-ау», «Не пайда», «Жас ұлан», «Көздер-ай», «Нұрлы Алтай» т.б. әндердің авторы.

Бүгінгі кеште әнші-композитордың танымал әндерін облыстық, республикалық конкурстардың қатысушылары орындайды, атап айтсақ: XXV республикалық «Жас қанат» жас орындаушылар байқауының дипломанты, сазгер – Қаршыға Ильтанов, XXV республикалық «Жас қанат» жас орындаушылар байқауының «Алтын қанат» иегері – Парасат Отан, облыстық «Жас қанат» байқауының бас жүлдегері Наурызхан Іспек, XXVI - республикалық «Жас қанат» жас орындаушылар байқауының «Қола қанат» иегері – «In Coro» тобы.

КГКП «Ертіс концерт» управление культуры, архивов и документации ВКО
Адрес: г.Усть-Каменогорск, пр. Независимости 68.
Тел.: 8(7232) 711-073, факс: 8(7232) 740-746
E-mail: orleu_uk@mail.ru

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2017
7515138