Қадірменді Өскемендіктер, құрметті қала қонақтары!

 «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Рүстем Есдәулет өмірден өткелі – театр ұжымы жылда «Еске алу» кешін өткізуді дәстүрге айналдырды.

Шығыстан шыққан жарық жұлдыз, Алаш жұртының аяулы азаматы, белгілі кино және театр актеры, ақын, режиссер, ерекше талабымен Республика көлеміне танылып, 2003, 2005, 2006, 2008, 2009, 2011, 2012 жылдары – Рүстем көзі тірісінде қойып кеткен, ол өмірден өткен соңда, оның сахналап кеткен қойылымдарымен әлемдік деңгейдегі фестивальдерге қатысып, Түркияның Конья қаласында өткен «Мың тыныс және бір дауыс» атты халықаралық фестивальінде «Ең үздік қойылым», Башқұртстан республикасының Уфа қаласында өткен V Түркітілдес театрлардың халықаралық фестивальінде «Ұлттық классиканың бірегей және көркем шешімі» номинацияларына ие болды.

Алдына қойған мақсаттары мол еді, театр ғимаратын салдыру арманы орындалғанымен, оның сахналық қойылымдары ғана қалып, көрерменмен үзілмейтін асыл жіптей бір байланыстың жасап кеткені анық.

Құрметті театр өнерін сүйер көрермендер, Рүстемнің соңғы еңбегін бағалап өздеріңізге үлкен ой тастап, рухы жоғары тылсым дүниемен арадағы белгісіз бір байланыстың бар екенін дәріптеп, ғажайып әлемге сапар шегіп қайтыңыздар. Жүрегін қинайтын ауыртпашылықтан, қара ойлардан, қызғаншақтықтан және көптеген басқа адамға жат қылықтардан, сонымен қатар сана сезімі мен жан дүниесі таза адамдар ғана, өзінің аңсаған жұмағына жете алатынын дәріптейді. Қойылымды безендендіру толығымен өзінің айтуы және ойымен сәйкестендірілген. Кейіпкерлер кедергілерді жеңіп, саз-балшық, су, от, аспалы көпір сияқты сынақ кезеңдерінен өтеді.

Өнердің құрбаны, отызында орда бұзған оғылан Рүстемнің жұлдызды жеңістері алда еді, өкінішке орай қазақтың аймаңдай талантты ұлы 2009 жылы кенеттен көз жұмды.

Азғана ғұмырында ұлттық театр өнерінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан Рүстем Оразбайұлын «Еске алу» кеші ағымдағы жылы 26-қараша күні өтеді. Рүстемнің көзі тірісінде сахналап кеткен соңғы «Атымды адам қойған соң...» эксперименттік қойылымын көріп, Рүстем жайында естеліктермен бөлісуге шақырамыз.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2017
7406491