Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары шеберлерінің...

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары шеберлерінің – халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушылардың Қазақстан халқының  тілдері  күніне арналған көрме-жәрмеңкесі

Өскемен қаласы
Достық үйі – қоғамдық
келісім орталығы29 қыркүйек/сентября 2017 ж./г.

2017 жылдың 29 қыркүйегі күні халықтық және сәндік-қолданбалы  өнер бөлімінің қызметкерлері Р.Ш. Мұхамеджанова мен М.А. Бемм Достық үйі – ШҚО қоғамдық келісім орталығында қолөнершілердің-халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушы шеберлердің көрме-жәрмеңкесін өткізді. Көрме-жәрмеңке Қазақстан халқының тілдері  күні мерекесіне арналды. Оған мына шеберлер өз бұйымдарымен қатысты: А. Ы. Боқпасарова (киізден жасалған дәстүрлі және заманауи бұйымдар), Н.Р. Тәшімова (киізден жасалған дәстүрлі және заманауи бұйымдар), Р.И. Исенова (киізден жасалған дәстүрлі және заманауи бұйымдар), Г.М. Айғожина («батик» пен киіз басу техникасында панно жасау), А.Ж. Жұматай (дәстүрлі «қамшы» өру), Е.А. Го-Сун-Чин (ағашқа әшекей салу), А.Д. Оразғалиев (ағаштан ойып жасалатын дәстүрлі бұйымдар), С.Н. Назархан (дәстүрлі қарулар мен былғарыдан жасалған бұйымдар), Б.А. Дәлентаев (тастан қашалған бұйымдар), Р.Д. Сұлтанова (құрақ құрау), С. Мұқаметбек, А. Сейілбек (дәстүрлі кестелеу). 

 Көрмені ұзын саны 300-дей адам көріп, тамашалады.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2017
7343142