Рухани жаңғыру: теориядан практикаға: ақпараттық күні

6 қазан күні Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру: теориядан практикаға: ақпараттық күні» атты шараны Бородулиха ауданының кітапханасында өткізді. Шара мақсаты: Елбасының мақаласы ел болашағы үшін үлкен міндеттер жүктейтінін жұртшылыққа жеткізіп, маңызды бағдарламаның мән-маңызын саралап айтып беру. Шараға қатысқандар  жергілікті тұрғындар, БАҚ,  білім және мәдениет өкілдері, кітапхана пайдаланушылары.

Шара қатысушыларына Алаш электронды кітапахананың (http://alash.semeylib.kz/) қорындағы  сандық форматта 1500-ға жуық жинақталған мерзімді басылымдар, 600 газет-журналдардағы мақалалар, 500-ге  тарта кітаптар  Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы Қазақстан көлемінде ғана емес, шет мемлекеттердің де тарихи-мәдени және білім мекемелерінен  жинастырылған материалдар ұсынылды. Тыңдаушыларға Алаш  қайраткерлері М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, А.Ермековтарға қатысты деректемелер көрсетілді.

Ақпараттық күннің екінші бөлігінде қатысушыларға «Абай кітапханасының сирек қорындағы кітап жинақтарынан латын әліпбиіндегі басылымдар» атты презентация ұсынылды. Презентацияда кітапхана қорында қол жетімді, Қазақстандағы латын графикасын пайдаланған жылдары жарық көрген латын әріптерімен жазылған басылымдармен таныстырды, бұл шамамен 200 кітап, 10 газет және журналдар. Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері Елбасының тапсырмасына сәйкес 2025 жылдан бастап латын графигіне ауысудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар арасында ерекше қызығушылық тудырған журналдар  «Комсомол насихатшысы» және «Әдебиет майданы», газеттер «Түрксіб», «Eкпінді Алтай», «Тәуелсіздік», «Екпінді» жене латын әлібпиіндегі кітаптар «Курс высшей математики» А. Ермеков, «Самоучитель казахского языка для русских», «Букварь для ликбеза» Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, А. Сытдықов, «Жамбұл әндері» жинағы, поэма «Ақ аю» С. Мұқанов, поэма «Қызыл ат» С. Сейфуллин және тағыда басқалары.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2017
7515276