Өз әсерлерімізбен бөлісетін кез келді

 5 қазан күні Риддер қаласының Мәдениет сарайында «Рухани жаңғыру» республикалық акциясы шеңберінде «Мен ЭКСПО-2017 көрдім» атты слеті өтті. Слетке 500 аса қатысушылар қатысты. Риддер  тарихи-өлкетану музейінің бастамшылығымен және әкімдік бөлімдерінің қолодауымен бұл іс-шара, халықаралық көрме секілді ерекше болды. Аталған көрмеге қаланың әрбір он адамы қатысты.

ЭКСПО-Халықаралық мамандандырылған көрмесіне  115 мемлекет және 22 халықаралық ұйымдар қатысушы болды. ЭКСПО-2017 178 елдің ішінде 4 миллиондай адам қатысты, бұл ұйымдастырушылар жоспарлағаннан екі есеге көп. Ғалымдар адамзатқа 153 ғылыми ашылымдарды ұсынды. Бұл ашылымда 4,5 мың волонтерлер жұмыс істеді. Аталған көрмеге 40 мемлекеттен жоғары шенділерде қатысты.

Көрме болашақ технологиясына арналған, сондықтан ұйымдастырушылар мен өкілеттіліктер Қазақстанның жаңа ұрпақтары келу үшін барлық жағдай жасаған. ЭКСПО-2017  жұмысының барысында 77 894 оқушылар және Қазақстанның барлық аймақттарынан олармен ілесіп барушылар қатысты, соның ішінде Риддер қаласынан 5564 оқушы.

Қалалық слет ел үшін маңызды іс-шарадан алған әсерлерін сақтау және жария ету мақсатында ұйымдастырылған болатын. Барлық оқу орындары қызығушылықтарымен ұсынысты қабыл етіп, өздерінің өнер көрсетулері үшін бар күштерін жұмсады. Риддер аграрлық-техникалық колледждің ата –аналар мен ұстаздары және қала мен Бутакова ауылының 10 сынып оқушылары «Мен ЭКСПО-2017» көрдік  қалалық слетіне жиналды. Барлығы 500 қатысушы болды. 

Барлық команда өкілдері Астана қаласына және көрме дүңгіршектеріне барғандары туралы фотосурет және бейнеесептерімен тұсаукесерде жоғары кәсіби деңгейде орындалған жұмыстарын ұсынды, сондай-ақ Отанымыздың астанасы туралы әндермен, билерімен, өздері шығарған тақпақтарын айтып өнер көрсетті. 

Көрмеге барғандарын айта отырып, балалар Астананың әсемдігі туралы, жарқын сәттерін жеткізді және берілген мүмкіндік үшін алғыстарын білдірді. Олардың көбіне, әсіресе аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін бұл сапар тегін ұйымдастырылған.

Әрине, мектеп командалары астана қаласына барған сапарларында әрбір оқушының, ұстаздың, ата-аналарды достастырғаны туралы атап айтты.

Барлығы көрмеде Қазақстан дүңгіршегі ең ғажайып болғанын мақтанышпен айтты. Басқа дүңгіршекте де жарқын сәттерді көрсетті. жылдамдықта жүретін «Болашақ лифті» көтерілу, неміс электрлі мобильді қолдарымен ұстап көру, цифрлы планетарий арқылы ғарышқа ұшу, Антрактиданың мұзды суына түсу және айсбергке қолдарын тигізу өте тамаша болды...

Барлық әсерлер, фотоесептер, кәдесыйларды балалар тарихи-өлкетану музейіне табыстады, онда ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған экспозициялық витрина рәсімделіп, Тәуелсіз Қазақстанның тарихында осы маңызды оқиға құжатты  куәлік ретінде қалады.

-«Мен ЭКСПО-2017 көрдік» қалалық слетіне қатысқандары және өз көздерімен көрген оқиғамен бөліскендері үшін алғысымызды білдеріміз. Болашақ әлемдік ғылымға, технология болашағына қадам басудың куәгерлері және қатысушылары болдыңызда, және де бұл қадам  қазақстан жерінде жасалды-деді Риддер тарихи-өлкетану музейінің директоры Бакибаева Гульнар. Көрмеге бару туралы фотосуреттер мен пікірлер альбом рәсімдеу үшін қолданылады және музей қорына оның сақтау үшін тапсырылатын болады.   Үйреніңіздер, талпыныңыздар, мүмкін Сіздердің де өнертабыстарыңыз келесі ЭКСПО Халықаралық мамандандырылған көрмесінде ұсынылатын болады.

Юлия Бор
Риддер қ.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2017
7515283